Список документов
2 сыныпта әдебиет пәнінен орта мерзімді жоспар

Сабақ жоспары. Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі

2 сынып. Оқушылар саны: 19

Мұғалімі: Жуманова С.Е.

Апта

Күні: 13.02.15ж       

Сабақ: әдебиеттік оқу.

Сабақ тақырыбы

«Ғылым таппай мақтанба» Абай

Жалпы мақсаты

Абай атамыздың өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек білім алуына, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, ақынның данышпандығын тануына жол салу.

Оқу нәтижесі

 

Абай өлеңдері арқылы білім дәрежелері кеңейеді.

Түйінді нәтижелер

Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді тани отырып, адамгершілік қасиеттері дамиды.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары                   Оқушылар немен айналысады

Ұйымдастыру кезеңі (2мин.)

Психологиялық трениг

 

Топқа бөлу(3мин)

Үй тапсырмасын тексеру.

.

СТО(Қызығушылығын ояту)7мин.

-          Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Қазіргі таңда әлемде Абайды танымайтын жан жоқ десек, дұрыс айтқан болар едік. Мысалы, көршілес Ресейде Абай күндері өткізіліп тұрады.

Мағынаны тану.

Сонымен Абай атамыз аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған сазгер, ұлы ойшыл, ақын, ғұлама адам болған екен.

Бүгін біз Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысамыз.

Топпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

 

Сөздік жұмыс.

- Ақын өлеңінде бізді кім болуға шақырып тұр?

 

Жамандықтан жирен,                   Алдыңа мақсат қой -

өзің үшін үйрен                         ол үшін өзіңе идеал таңда

                        

                                       Ғалым

Қиындыққа мойымай                     Балалықты тастап,

алға ұмтыл                                       білімге ден қой

АКТ-ны қолдану.

Сергіту сәті. 3мин.

Ойтолғау.

«Менің Абай атам» атты айдармен бүгінгі сабақтан түйген ойларын қағаз бетіне түсіру.

Мысалы: «Менің Абай атам – жаны таза, ақкөңіл, сезімі терең ақын. Себебі ол бар адамның жан дүниесін, күйзелісін сезіне, түсіне білген. Тіпті мен таңдаған шумақта да ол айқын көрініп тұр. Атамның өлеңдері мені еліктіріп, өзіне тартып тұрады. Сондықтан ол – менің Абай атам ».

Сыныпта жағымды эмоционалды атмосфера қалыптастыру

«Қарама-қарсы сап» әдісі бойынша оқушылардың бір-бірімен амандасуын, тілек айтуын ұйымдастыру.

Түрлі-түсті қағаздармен 3-топқа бөлінеді.

 

Берілген әр топтың тапсырмаларын сұрау.

Абай атамыздың өмірі туралы 1-ші топ дайындап келген.

2-ші топ табиғат туралы өлеңдерін дайындап келді.

3-ші топ ақын атамызға байланысты сұрақтар дайындады.

 

Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың тізбектеп, әсерлеп оқуы.

 

 

«Кубизм» стратегиясы бойынша топтарға өлең шумақтарын бөліп беру.

Әр топ өздері таңдаған өлең шумағын оқып, мазмұнын өз қалаулары  бойынша бейнелейді.

Дерек сөздер және жабдықтар,АКТ, ,смайликтер, ғаламтор, «кубизм», «Қарама-қарсы сап»

Кейінгі  оқу

 

Ақын өлеңдерін жинақтайды.

Сабақты бағалау

 

 

Топ ішінде бағалау

Көшбасшысының бағалауы

Сабақбойынша өзгертулер

 

Қосалқы материал

Үйге тапсырма беру:

 

Абайдың өлеңдерін жаттау.

 

 

 

Сабақ жоспары. Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі

2 сынып. Оқушылар саны: 19

Мұғалімі: Жуманова С.Е.

Апта

Күні: 18.02.15ж       

Сабақ: әдебиеттік оқу.

Сабақ тақырыбы

«Әдеп» Төлеген Қажыбаев

Жалпы мақсаты

Мәтіннің мазмұнын меңгеру.

Оқу нәтижесі

 

Мәтін мазмұнын талдау арқылы дәстүрден тыс ойлау дағдылары дамиды.

Түйінді нәтижелер

Асыл қасиеттерді бағалай біледі, адамгершілік тәрбиесі артады.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары                   Оқушылар немен айналысады

Ұйымдастыру кезеңі (2мин.)

Психологиялық трениг

 

Топқа бөлу(3мин)

Үй тапсырмасын қортындылау.

.СТО(Қызығушылығын ояту)7мин.

-          Бұл суретте не болып жатыр?

-          Бұлай айтуға мәжбүр ететіндей, бұл жерде нені көріп тұрсың?

-          Суреттен оны қалай анықтауға болады?

-          Тағы да сендер не көріп отырсыңдар?

-          Тағы да не байқадыңдар?

-          Көшеде кездесіп қалсаң, қандай көмек берер едің?

Әр жауаптарыңа ұпай жинағандарыңа қарай жеңіс туын аласыздар.

 

ІІ. Мағынаны тану. Мәтінді дауыстап түсініп оқу.

 «Түртіп алу» стратегиясы бойынша сөздік жұмысын жүргізу.

-          Алғашқы сөздерің қандай?

-          Қандай баға берер едіңдер?

-          Мәтіннен қандай тірек етістік сөздерді таңдап алар едіңдер?

-          Осы тірек сөздер арқылы мәтінді мазмұндай аласың ба?

-          Дәстүрлі мазмұндаудан айырмашылығы бар ма?

 

-          Мазмұндау кезіндегі ойларыңды тиянақтау мақсатында кестені толтырайық:

Мәтіндегі қандай жақсы қасиеттерді атай алар едің?

 «Пікірталас» әдісі арқылы оқушылар әңгімедегі Арманды қорғауға, даттауға дайындалады.

Сергіту сәті:

 

ІІІ. Ойтолғау.

Мәтіннің соңындағы сұрақ- тапсырмаларды орындау.

Сабақты қортындылау

«Бүгінгі сабақтан түйген ойым», «Әдеп» тақырыптары бойынша ойларын тиянақтау..

Сыныпта жағымды эмоционалды атмосфера қалыптастыру

 

 

3-топқа бөлінеді.

Оқушылардың сұрақтарға жауаптары.

 

 

 

 

Хормен айтқызу.

«Үлкенді сен сыйласаң,

Кіші сені сыйлайды.

Кіші сені сыйласа,

Кісі сені сыйлайды» сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

 

Жұпта, топта талқылап, ұжымға пікірін білдіреді.

 

 

 

 

Ойлан, жұптас, ортаға сал.

 

Білемін

үйренгенім

Үйренгім келеді

 

 

 

.

Мәтінді көзбен жүгіртіп оқиды. Топттарға бөлініп алып шығады.

Құрметтеймін атамды,

Ардақтаймын апамды.

Көкемді жақсы көремін,

Үнемі көмек беремін:

Үлкенді сыйлау – кішілік,

Үлгі мінез – кісілік.

Дерек сөздер және жабдықтар,АКТ, ,жалаушалар, «түртіп алу», «пікірталас» әдісі.

Кейінгі  оқу

 

Ақын өлеңдерін жинақтайды.

Сабақты бағалау

 

 

Топ ішінде бағалау

Көшбасшысының бағалауы

Сабақбойынша өзгертулер

 

Қосалқы материал

Үйге тапсырма беру:

 

Мәтінді оқып, ой түйіндемесін «Әдеп» тақырыбында шығарма жазып келу..

                        

                        

Автор: Жуманова С.Е.
Просмотров: 919
Дата создания: 31 Марта 2015 г.
Дата редактирования: 31 Марта 2015 г.
www.egov.kz
Опрос